BasNewsЖаңалықтар

Алматыда әйелді таяқпен ұрған ер адам видеоға түсіп қалды

Оқиға Алатау ауданындағы жеке секторда болған. Видеодан алдымен екі әйел арасында жанжал шыққанын, кейін оған ер адам қосылып, зейнеткерді ұра бастағанын көруге болады, – деп хабарлайды BasNews.kz тілшісі.

“Ұлы анасын өлімші етіп сабап, оған ауыр дене жарақаттарын (миы шайқалып, оң қол cүйегінің ашық сынуы) салған. Оны таяқпен ұрып, аяғымен тепкенін көруге болады. Әжей ауруханада жатыр. Ал ер адамды 3 сағат ұстап, қылмыстық баптың болмауына байланысты босатқан. Оқиға кеше, 1 мамыр күні болды. Көршілерінің камераға түсірген видеосы бар”, – деп жазылған жазбада.

Осы оқиғаға қатысты Алматы полиция департаментінің орынбасары Рустам Әбдірахманов пікір білдірді.

«1 мамырда іс бойынша тексеру басталды. Алатау ауданы ПБ қызметкерлеріне құқықбұзушылар әрекетіне баға беру үшін қажетті дәлелдемелерді жедел жинап, есепке алу тапсырылды», – деді Әбдірахманов.

Тексеріс барысы мен нәтижелері Алматы полиция департаменті бақылауына алынған.

https://www.instagram.com/p/CdFSpdGIgGW/

Back to top button