BasNewsЖаңалықтар

Шымкент тұрғыны есірткіні аяқ киім қорабында сақтаған

Шымкент полицейлері қала тұрғынынан 22 келіге жуық марихуана тәркіледі, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі.

«Шымкенттің «Алаш» базарында полицейлер есірткіні заңсыз сақтау және өткізу күдігімен бір тұрғынды ұстады. Жеке тінту кезінде күдіктіден бір келі марихуана салынған аяқ киім қорабы тәркіленді. Оның пәтерін тінту кезінде балконнан дозалары бойынша марихуана салынған 2 полиэтилен пакет табылды. Жатын бөлмесінен де есірткісі бар екі жол сөмкесі алынды», – деді ҚР ІІМ баспасөз қызметінің өкілі Шұғыла Тұрлыбек министрлік ұйымдастырған брифингте.

Алынған марихуананың жалпы салмағы – шамамен 22 келі.

Күдікті Шымкент қаласының уақытша ұстау изоляторына қамалды. Оның мүлкі тәркіленіп, 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Еске сала кетсек, бүгін Ішкі істер министрлігі балалардың жазғы жұмысы жөнінде оқушылар мен ата-аналарға үндеу жасады.

Ведомство балалардың есірткіні таратушыларға алданып қалмауын ескертті.

Back to top button