BasNewsЖаңалықтар

Қапшағай қаласы Қонаев болып ресми түрде өзгерді

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен Алматы облысының Қапшағай қаласы Қонаев қаласы деп қайта аталды, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Алматы облысының Қапшағай қаласы Қонаев қаласы деп қайта аталсын», – делінген Жарлық мәтінінде.

Еске салсақ, ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 16 наурыздағы Қазақстан халқына Жолдауында Қапшағайға Қонаевтың есімін беру керек деп ұсыныс айтса, мен бұл пікірге қосыламын деген болатын.

Back to top button