BasNewsЖаңалықтар

Әскерде қайтыс болған сарбаздың өліміне қатысты күдікті ұсталды

Бас әскери прокуратура Жамбыл облысында көз жұмған сарбаздың өліміне күдікті анықталғанын мәлімдеді, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі.

«ҚР ІІМ Оңтүстік өңірлік әскери-тергеу басқармасының ведомствоаралық жедел-тергеу тобы Жамбыл облысы Гвардейский елді мекенінде көз жұмған сарбаз Әлібек Қалбайдың өліміне қатысты қылмыстық іс бойынша күдіктіні ұстады. Ол сарбаздың әскерге бірге шақырылған әріптесі болып шықты», – делінген хабарламада.

Прокуратураның хабарлауынша, қамауға алуға куәгердің айғақтары және зорлық-зомбылық өлім белгілері бар сот-медициналық сараптаманың нәтижелері негіз болған.

«Материалдар сотқа қамауға алуға бұлтартпау шарасын санкциялау үшін жіберілді. Күдіктінің іс-әрекеті адамның өліміне әкеп соққан жарғылық ережелерді бұзу ретінде сараланған (ҚР ҚК 440-бабы 4-бөлігі). Сотқа дейінгі іс жүргізу жалғасып жатыр», – деп толықтырды ведомоства.

Back to top button