BasNewsЖаңалықтар

Екібастұзда жоғалған бала Шымкентке бара жатқан пойыздан табылды

Павлодар облысының полицейлері жоғалған баланы тапты, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі Павлодар-онлайн сайтына сілтеме жасап.

3 мамырда сағат 13.00-де 8 жастағы бала Екібастұз қаласындағы музыка мектебінің алаңына серуендеуге шыққан. 1 сағаттан кейін анаcы ұлын іздеп, таба алмаған.

Әйел бірден полицияға қоңырау шалған. Жеке құрам, соның ішінде желілік полиция дереу жұмысқа кіріскен.

Біраз уақыттан кейін кәмелетке толмаған бала Павлодар – Шымкент бағытындағы пойыздан, Шідерті станциясының маңынан табылған.

Полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, баланы пойыздан түсіріп, Екібастұзға әкеткен.

Back to top button