BasNewsЖаңалықтар

Алматы облысында 6 және 8 жасар екі бала каналға батып кетті

Алматы облысында аулада ойнап жүрген екі жеткіншек каналға батып кетті, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі.

3 мамыр сағат 19.05 кезінде Алматы облысы ТЖД кезекші байланыс пультіне Алматы облысы Қарасай ауданы Жандосов ауылының шетінде орналасқан суару каналына 6 және 8 жасар екі бала батып кеткені туралы хабарлама түскен.

Төтенше жағдайлар министрлігі таратқан мәліметке сенсек, оқиға орнында ені – 6 метр және тереңдігі – 1,5 метр болатын суару каналынан туыстары 2014 жылғы қыз бала және 2015 жылғы ұл баланың денесін алып шыққан.

Олар тұрғын үйден 300 метр қашықта ойнап жүргенде ересектердің қарауынсыз қалып, суару каналына құлап, батып кеткен.

Оқиға орнына Алматы облысының ТЖД, полиция басқармасының және жедел жәрдем бригадасының қызметкерлері шықты.

https://www.instagram.com/p/CdIGMSRjhm4/?utm_source=ig_web_copy_link

Back to top button