BasNewsЖаңалықтар

Петропавлда жігіт колледж аумағында өзіне қол салған

Петропавлда 19 жастағы жігіт колледж аумағында өз-өзіне қол салған, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап.

Төтенше жағдай Петропавлдағы құрылыс-экономикалық колледжінің аумағында болған. Полицияға болған оқиға туралы 4 мамыр күні 07:42-де хабарланған.

Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіндегілер суицид дерегін растады. Қазір оқиға сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай реестріне тіркелген.

Әзірге қаза тапқан жігіттің оқу орнында оқығаны туралы ақпарат жоқ. Облыстық білім басқармасында төтенше жағдай туралы пікір білдірмеген.

Back to top button