BasNewsЖаңалықтар

Доллар бағамы тағы төмендеді

Доллар бағамы төмендеді, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі Қазақстан қор биржасы (KASE) деректеріне сілтеме жасап.

Күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 4,80 теңгеге төмендеп, 436,85 теңгеге тең болды. Айта кетейік, долларының 4 мамырдағы ресми бағамы – 441,64 теңге.

Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде америкалық долларды сатып алудың орташа бағамы – 440,18 теңге, ал сатылым – 443,59 теңге. Нұр-Сұлтанда америкалық валютаны орта есеппен 437,88 теңгеден сатып алады, 441,09 теңгеден сатады.

Back to top button