BasNewsЖаңалықтар

Жеңіс Күні қарсаңында біржолғы көмек ретінде 5,4 млрд теңге қарастырылған

Бұл туралы  Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Руслан  Сакеев ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-да өткен брифингте айтты, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі.

«Жеңіс күніне орай жергілікті атқарушы органдардың тарапынан сомасы 5 млрд 400 млн теңге  біржолғы көмек көрсету қаражаты қарастырылған. Оның ішінде ҰОС қатысушылары мен мүгедектер – 381 адам, Қоршаудағы Ленинград тұрғындары бар  – 92, бұрынғы концлагерде кәмелетке толмағандар  – 212, қаза тапқан ардагердің жұбайына – 3221 адам, қаза тапқан жауынгерлердің жесірлері – 6 адам, тыл еңбеккерлері – 74100 адам, ҰОС ардагерлеріне теңестірілгендер 20 мың адам», – деді Сакеев.

Ол атағандай, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі әкімдіктерге ҰОС-тағы жеңіске үлесін қосқан азаматтарға материалдық көмектің ең төменгі мөлшерін беруді ұсынады.

«ҰОС қатысушыларына барлық өңірде біржолғы материалдық көмек ретінде 1 млн теңге беріледі. Бүгінгі таңда барлық өңірде төлем жүргізіліп жатыр. ҚОС ардагерлері төлемдерді алды. Қалғандары 9 мамырға дейін алады», – деді ол.

 

Back to top button