BasNewsЖаңалықтар

Нұр-Сұлтанда балабақша қызметкері 5 жасар қызды қараңғы спортзалға қамап қойған

Елордадағы балабақшалардың бірінде бес жасар қыз баланы қараңғы спортзалға күштеп қамап қойған жағдайдан кейін бірнеше қызметкер жұмыстан шығарылды, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі КТК телеарнасына сілтеме жасап.

«Оның есікті қағып, қалай жылағанын балалардың бәрі естіді… Менің баламды ешкім аяған жоқ, оның қандай психикалық күйде болғанына қарамастан, ешкім аямады», – дейді қыздың анасы Айнұр Әбдірахманова.

Әйелдің сөзінше, баланы спортзалға дене шынықтыру мұғалімі қамап қойған. Қыз жылағанымен оған ешкім көмектеспеген көрінеді.

Келіншек қазір ұзақ емделу мен оңалтудан кейін баласының невропатологта есепте тұрғанын айтады. Оның сөзінше, мұны балабақша қызметкерлері де білген.

Бұл шу қалалық білім басқармасына да жеткен. Ведомство бейнебақылау камерасынадағы видеоны зерттеп, балаға дөрекілік танытылғанын мойындап отыр.

Нәтижесінде әдіскер, топ тәрбиешісі мен дене шынықтыру мұғалімін бап бойынша жұмыстан шығарған.

Back to top button