BasNewsЖаңалықтар

Доллар бағамы қайта көтерілді

Қазақстан қор биржасы (KASE) 15.30-дағы жағдай бойынша доллардың орташа сараланған бағамы 6,65 теңгеге көтеріліп, 434,47 теңге болғанын мәлім етті, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі.

 

Ресей рублінің орташа сараланған бағамы 0,14 теңгеге көтеріліп, 6,62 теңгеге жетті.

Қытай юанінің орташа сараланған бағамы тағы 1,21 теңгеге арзандап, 64,10 теңге болды. Сауда көлемі – 2,4 млн юань.

Кешегі кешкі сауданың қорытындысы бойынша еуроның орташа сараланған бағамы 454,73 теңгеге дейін төмендеді.

Ақша айырбастау орындарында доллар 437-443 теңге, еуро 455-463 теңге, ресей рублі 5,8-5,05 теңге аралығында саудаланып жатыр.

Back to top button