BasNewsЖаңалықтар

Жаңаөзенде жаңбырдан кейін тұрғын үйлер мен көшелерді су басты

Жаңаөзенде толассыз жауған жаңбыр салдарынан тұрғын үй аулалары мен жеке үйлер мен орта мектеп су астында қалып, соның салдарынан кей көшеде көлік қозғалысы тоқтады, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі Lada.kz сайтына сілтеме жасап.

Маңғыстау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, қала тұрғындарынан көшелер мен тұрғын үйлердің ауласына жаңбыр суы жиналып қалғаны туралы көптеген шағым түсіп жатыр.

Қалада барлығы сегіз аула, екі тұрғын үй, үш көше мен орта мектеп су астында қалған.

Қазіргі таңда Жаңаөзен қаласының ТЖ бөлімі қалалық әкімдікпен бірлесіп, коммуналдық мекемелердің арнайы техникалары мен су сорғыш құрылғыларын тарта отырып, жаңбыр суын сору жұмыстарын жүргізуге кірісіп кетті.

Ал қала тұрғындары әлеуметтік желілерде су басқан үйлердің кадрларын белсенді түрде бөлісіп жатыр. Соның бірінде су салдарынан көлік қозғалысының қалай тоқтап қалғанын көруге болады. Жаңаөзен тұрғындары үйлеріне жету үшін белуарға дейін су кешіп жүруге мәжбүр.

Бұған дейін Қарақия ауданында сел жүріп өткен болатын. Жайылған су Ақтау мен Жаңаөзенді байланыстыратын тасжолға дейін жетті.

https://www.instagram.com/p/CdNVeksIgXV/?utm_source=ig_web_copy_link

Back to top button