BasNewsЖаңалықтар

Алматыда мектеп оқушысы өзіне қол салды

Алматыда 2006 жылы туған қыз өз-өзіне қол жұмсады. Әлеуметтік желіде пайда болған ақпаратты қалалық полиция департаменті растады, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі.

«Оқиға 4 мамырға қараған түні Алматының Медеу ауданында болды», –  деп мәлімдеді Алматы полиция департаментінің баспасөз қызметіндегілер.

Полицейлердің мәліметінше, 2006 жылы туған мектеп оқушысы ауласында асылып қалған.

«Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Бұл факт Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексiнің 105 бабы бойынша тексерілуде», –  деп қосты полицейлер.

Ведомствода оқиғаның себебі мен өзге де мән-жайлар анықталып жатқанын атап өтті.

Back to top button