BasNewsЖаңалықтар

Ақтау-Жаңаөзен тасжолында бұршақ жауды

6 мамырда кешке Ақтау-Жаңаөзен тасжолында бұршақ жауып, осының салдарынан көліктер бұзылған, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі «Лада».

Куәгерлер жағдайды видеоға түсіріп алған. Әлеуметтік желілерде жарияланған видеолардан бұршақтың диаметрі бір сантиметрден асатынын көруге болады.

Кейбір жүргізушілерге қозғалысты тоқтатуға тура келген. Сондай-ақ, кейбір жүргізушілер көліктері қалай бүлінгенін, әйнектері сынғанын, көліктің корпусын видеоға түсіріп алған.

6 мамырда Маңғыстау облысы аумағында күн бұзылуына байланысты ескерту жарияланған болатын. Синоптиктердің болжамынша, Маңғыстауда жаңбыр, бұршақ жауып, найзағай ойнауы мүмкін.

 

Back to top button