BasNewsЖаңалықтар

Желіде Каспийге қара сұйықтық ағып жатқан видео тарады

Желіде Каспийге қара сұйықтық ағып жатқан видео тарады, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі Lada.kz басылымына сілтеме жасап.

Теңізге қара сұйықтық ағып жатқан құбыр «Достар» жағажайы мен Keppel-Kazakhstan ЖШС арасында орналасқан.

Кадрлардан қанық қара түсті сұйықтық құбырдан күшті қысыммен ағып жатқанын көруге болады.

Әзірге Маңғыстау облысының Экология департаменті жағдайға қатысты пікір білдірген жоқ.

Back to top button