BasNewsЖаңалықтар

Нұр-Сұлтанда жолаушылар автобусы көше шамы бағанын қиратты

Елордада №28 бағытта қатынайтын жолаушылар автобусы көше шамы бағанына соғылды, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі.

Оқиға орнынан түсірілген видео әлеуметтік желіде тарап жатыр. Осы жайтқа қатысты Нұр-Сұлтан қалалық полиция департаменті де ресми мәлімет берді.

«7 мамырда Керей-Жәнібек хандар мен Ақмешіт көшесінің қиылысында автобустың жүргізушісі бағдаршамның тыйым салған белгісіне қарамастан қиылысты кесіп өтіп, көше шамының бағанына соғылған», – деп атап өтеді ведомстводан.

Таратылған ақпаратқа сәйкес, адамдар аман. Қоғамдық көлік жүргізушісінің үстінен ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 610-бабы 1-тармағымен әкімшілік хаттама толтырылған.

 

Back to top button