BasNewsЖаңалықтар

ШҚО-да жол апатынан 6 адам қаза тапты

Жол-көлік оқиғасы 8 мамыр сағат 11:20 шамасында «Омбы-Майқапшағай» тасжолының Жарма ауданы Шар қаласының маңында болған, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі.

«Ssang Yong Actyon» маркалы автокөлік жүргізушісі рульді басқара алмай қалып, қарсы бағытта келе жатқан «Ваз-21014» көлігімен бетпе-бет соқтығысты. Апат салдарынан «Ваз-21014» көлігінің 33 жастағы жүргізушісі мен 5 жолаушы сол жерде тіл тартпай кетті. Ал «Ssang Yong Actyon» көлігіндегі 35 жастағы жүргізуші мен кәмелетке толмаған үш жолаушы түрлі дене жарақатымен ауруханаға жеткізілген», — деді ШҚО полиция департаменті баспасөз қызметі.

Қазіргі уақытта аталған факті бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 345-бабы 4-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеу басталды.

Бірқатар сот-медициналық сараптама тағайындалған.

Back to top button