BasNewsЖаңалықтар

Алматыда өткен «Батырларға тағзым» шеруіне 20 мыңға жуық адам қатысты

Бүгін, 9 мамыр күні Алматыда «Батырларға тағзым» деген атпен шеру өтті. Шеру Қазақстанның мемлекеттік мерекесі – Жеңіс күнімен қатар өтті, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі.

Ресейдің Украина жерінде әскери қимылдарынан кейін «Бессмертный полк» маршының өтуіне көпшілік қарсылық білдірген. Бүгінгі өткен шеруге орта есеппен 20 мыңға жуық адам қатысты.

алматы, акция, шествие, фоторепортаж

«Бессмертный полк» маршының өтуіне қарсылықтан кейін Қазақстанда «Батырларға тағзым» деп аталатын бөлек шеру өткізу жөнінде шешім қабылданды. 1941-1945 жылдардағы соғыс ардагерлерінің суретін ұстаған мыңдаған адам Алматыдағы мәдениет және демалыс паркінен 28 панфиловшылар паркіне дейін шерулетіп жүріп өтті. Қатысушылар мәңгілік алау жанындағы Даңқ мемориалына гүл қойып, сол арада ардагерлерге мерекелік дастарқан жайылып, концерт ұйымдастырылды.

Алаңға кейбіреулер Иосиф Сталин мен Лаврентий Берияның портретін ұстап келген.

Orda.kz жазуынша, 28 гвардияшы-панфиловшылар атындағы саябақтың әр жерінде арт-перфоманс ұйымдастырылған.

Айта кетейік, 1 сәуірдегі мәлімет бойынша, Қазақстанда 387 соғыс ардагері өмір сүреді. Бір жыл бұрын 665 ардагер болған еді.

Back to top button