BasNewsЖаңалықтар

Қазақстандықтар Мальдив аралдарына визасыз ұшып бара алатын болды

Қазақстан мен Мальдив Республикасының үкіметтері өзара визалық талаптардан босату туралы келісімге қол қойды, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі Қазақстан сыртқы істер министрлігіне сілтеме жасап.

Келісім екі ел азаматтарына Қазақстан мен Мальдив аралдарына 30 күнтізбелік күннен аспайтын мерзімге кіруге және ел аумағында болуға мүмкіндік береді.

Алайда жұмысқа, оқуға немесе іскерлік мақсаттарға барғысы келетін адамдар тиісті виза алуы керек.

Айта кетейік, 2021 жылдың қазан айында Қазақстан мен Мальдив аралдары екі елдің шекарасын кесіп өту кезінде өз азаматтарын COVID-19 сынамасының теріс нәтижесі бар ПТР сертификаттарын ұсыну міндеттемесінен босататын екпе паспорттарын өзара мойындағаны бұрыннан белгілі.

Back to top button