BasNewsЖаңалықтар

Атырау облысында жоғалып кеткен 11 адам табылды

Құтқарушылар Атырау облысында бір күн бұрын жоғалып кеткен 11 адамды тапты, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі.

Жолаушылар белгілі бір уақытта мекен-жайға жетуі керек еді, бірақ хабарсыз кетті. Содан кейін іздеу жұмыстары басталды.

Ауа райының қолайсыздығынан көлікпен діттеген жеріне бет алған топ адасып кеткен.  Құтқарушылар жоғалған адамдарды сағат 14:50-де Жасқайрат ауылынан шамамен 85 шақырым қашықтықтан тапты. Ешкім зардап шекпегені, олардың ешқайсысына медициналық көмек қажет болмағаны белгілі болды.

Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері азаматтарды Хамит Ерғалиев ауылына жеткізіп, туыстарына тапсырған.

Іздестіру жұмыстарына Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің 4 қызметкері мен 1 техникасы, сондай-ақ АПБ 1 қызметкері жұмылдырылды.

Еске салайық, Атырау облысында 11 азаматтың жоғалғаны туралы хабарлаған едік.

Back to top button