BasNewsЖаңалықтар

Шығыс Қазақстан облысында көпірден секірмек болған қыз құтқарылды

Өскеменде құтқарушылар мен полицейлер көпірден секіріп, суицид жасамақ болған қызды құтқарып қалды, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі.

 

Оқиға бүгін, 10 мамырда болды. Таңертең Ертіс көпірінің маңында келе жатқан жүргізушілер өзенге секірмек болған қызды байқап, полицияға хабар берген, деп жазды arnapress.kz.

«Оқиға орнына жеткен қос қызметтің қызметкерлері қызды сөзге тартты, сол уақытта құтқарушылар арқанның көмегімен сақтандыруды шығарып, радио арқылы қайықты шақырды. Құтқарушылар мен полиция ұрымтал сәт туғанда шұғыл әрекет етіп, қызды ұстап, қауіпті аймақтан алып шықты» – деді ШҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Полицейлердің айтуынша, 1998 жылы туған қыз жедел жәрдем қызметкерлеріне табысталды. Қазір оның өміріне қауіп төніп тұрған жоқ.

Back to top button