BasNewsЖаңалықтар

БҚО-да жол апатынан 4 жасар бала көз жұмды

Батыс Қазақстан облысында жол апатынан кішкентай бала көз жұмды. Полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлім еткеніндей, оқиға 9 мамыр күні шамамен түс мезгілінде Орал-Атырау тас жолында болған, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі «Мой ГОРОД» сайтына сілтеме жасап.

«Казталов-Индер» бағытындағы жолдың 188-шақырымында 34 жастағы жүргізуші әйел айдап келе жатқан «Тойота Камри» автокөлігі аударылып қалды.

Алдын ала мәліметке қарағанда, жүргізуші рульге ие бола алмаған. Жол апаты салдарынан кішкентай бала қаза тапты. Оған қоса, жүргізуші мен жолаушы зардап шекті.

«Қазіргі кезде ҚР ҚК 345-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр» , – дейді полиция қызметінен.

БҚО денсаулық сақтау басқармасының нақтылауынша, оқиға Орал-Атырау жолында Ақжайық ауданы Чапаев ауылынан 70 шақырым жерде болды. Жол апатынан 2019 жылғы бала жедел жәрдем келгенге дейін қайтыс болды.

1985 жылғы ер адам кеуде тұсынан жарақат алған, миы шайқалып, омыртқасына зақым келген.

Back to top button