BasNewsЖаңалықтар

Доллар бағамы шамамен 7 теңгеге қымбаттады

Доллардың теңгеге шаққандағы бағамы өсті, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі Қазақстан қор биржасы (KASE) мәліметіне сілтеме жасап.

Күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллар бағамы 7,03 теңгеге көтеріліп, 442,61 теңгеге тең болды. Айта кетейік, доллардың 7-11 мамырдағы ресми бағамы – 434,47 теңге.

Kurs.kz мәліметінше, дәл қазір Алматының ақша айырбастау орындарында долларды сатып алу бағамы – 441,89 теңге, сатылым – 445,50 теңге. Нұр-Сұлтанның ақша айырбастау орындарында америкалық валюта орта есеппен 441,81 теңгеден сатып алынып, 444,75 теңгеден сатылып жатыр.

Back to top button