BasNewsЖаңалықтар

Доллар бағамы 7,6 теңгеге төмендеді

Доллардың теңгеге шаққандағы бағамы төмендеді, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі Қазақстан қор биржасы (KASE) деректеріне сілтеме жасап.

Күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 7,68 теңгеге төмендеп, 434,76 теңгеге тең болды. Айта кетейік, доллардың 12 мамырдағы ресми бағамы – 442,61 теңге.

Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде америкалық долларды сатып алудың орташа бағамы – 435,75 теңге, ал сатылым – 440,48 теңге. Нұр-Сұлтанда америкалық валютаны орта есеппен 435,18 теңгеден сатып алады, 438,69 теңгеден сатады.

Back to top button