BasNewsЖаңалықтар

Жасыл желектерді күтіп-ұстау жұмысы қарқын алды

Қала аумағында орналасқан саябақтар мен гүлзарларды күтіп ұстау бойынша қураған ағаштарды қырқу, шөптерді орып, тазалау жұмыстары жүргізілуде. Жедел мобильді топ анықтаған кемшіліктер шұғыл түрде ретке келтіріледі. Жасыл желектерді суаруда әртүрлі әдістер қолданылады.

Әл-Фараби ауданы аумағында көгалдандыру, күтіп ұстау жұмыстары жалғасуда. Бүгінде Қонаев, Бәйдібек би даңғылдарында және орталық көшелерде шөп орылып, газондар суғарылуда. Аудандағы басты көшелердің бойындағы ағаштарды пішімді түрде кесу және санитарлық қырқу, жасыл екпелерді суғару жұмыстары атқарылып отыр. Аталған жұмыстар аудан әкімі аппаратының күнделікті қадағалауына алынған.

Абай аудан аумағындағы орталық көшелерді көгалдандыру және күтіп ұстау жұмыстары жүргізілуде. Атап айтқанда орталық көшелерге гүл егу, ағаштарды бір текті формаға келтіру, әктеу және газон ору жұмыстары атқарылуда.  Аталған жұмыстарға «Build Stroi» ЖШС-нің 150-ге жуық қызметкерлері жұмылдырылған.  Сонымен қатар, орталық көшелерге 100 мың дана бір жылдық гүл егу жұмыстары басталды. Аталған жұмыстарды мамыр айының соңына дейін аяқталатын болады.

–Айналаның тазалығына жауапкершілікті арттыру жөнінде коммерциялық нысан иелері және мердігер ұйымдар арасында нақты жауапкершілік міндеттемелерін бөліп, бекітіп беру керек. Мердігер ұйымдарда мониторинг және бақылау құрылымдары ашылып, атқарылған жұмыстарға бақылау жүйесі күшейтіледі. Бұл өз кезегінде қаланы абаттандыру және санитарлық тазалығын сақтау саласындағы жұмыстарды жүйелендіруге ықпал етеді, – деді қала әкімі.

Бүгін де қаладағы абаттандыру жұмыстарының тиімділігін арттыру, жасыл желектің өнімділігін бақылау мақсатында осы саладағы жұмыстарды автоматтандыру мәселесі бойынша жұмыстар атқарылуда.

Айта кетейік, Шымкент қаласында алдағы жылдары жалпы аумағы 70 гектарды құрайтын 80 гүлзар пайда болады. Ол үшін қаланың бас жоспарына түзетулер енгізіліп, орындары анықталды. Сонымен қатар Шымкент-Сити шағын ауданында аумағы 40 гектарлық, Тұран шағын ауданында 37 гектарлық, ал, Сәуле шағын ауданында 2,5 гектарлық саябақ ашу үшін жобалық-сметалық құжаттар әзірленуде. Нақтылай кетсек, өткен жылы аудан әкімдіктерімен 75,5 мың дана, жасыл белдеуге 200 мың дана, саябақтар мен гүлзарларға 10 мың дана ағаш көшеттері егілгенін, ал биылғы жылдың көктем айларында жалпы 21 455 ағаш көшеті отырғызылады.

Back to top button