BasNewsЖаңалықтар

Жамбыл облысындағы жол апаты: Екі адам қолынан айырылды

Жамбыл облысында апатқа ұшыраған автобустың екі жолаушысының қолына ампутация жасалды, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі КТК телеарнасына сілтеме жасап.

Дәрігерлер науқастардың қолын сақтап қалу мүмкін болмады деді. Бүгін Жуалы аудандық ауруханасынан Таразға санавиациямен тағы бір жолаушы қыз жеткізілді. Оның омыртқасына қатты зақым келген. Қазір оған ем-дом жасалып жатыр.

Еске салсақ, 12 мамырда Бауыржан Момышұлы ауылы маңында Өзбекстаннан келе жатқан 49 жолаушысы бар автобус трактор тіркемесіне соқтығысып, аударылған еді.

Салдарынан 43 жастағы жүргізушінің көмекшісі мен бір жолаушы оқиға орнында жан тапсырды. Түрлі дене жарақатын алған 16 жолаушы ауруханаға түссе, төртеуі жансақтау бөлімінде жатыр. Дәрігерлер олардың жағдайы ауыр дейді. Ал 49 жастағы қоғамдық көлік жүргізушісі нөсер жауынның кесірінен рөлге ие бола алмағанын мойындады.

«Жансақтау бөліміндегі науқастар ауыр дәрежесіне сәйкес хирургия бөлімде 12 науқас емделіп жатыр. Мәлімет, әрине, өзгеруі мүмкін», – деді Нұрбай Ергебеков, Жуалы ауданы ауруханасының бас дәрігерінің орынбасары.

Back to top button
Close