BasNewsЖаңалықтар

Сенбілік жұмыстары – тазалық таразысы

Сенбілік – біздерді тазалық пен тәртіпке шақырады!

Аудан аумағында әр апта сайын сенбілік жұмыстарын жүргізу үрдіске айналған. Осы орайда, бүгін Еңбекші ауданы әкімі аппаратының қызметкерлері және тұрғындар “Сайрам” шағынауданындағы және Маятас шағынауданындағы “Мұнайбарлаушылар” көшесіндегі көпқабатты тұрғын үйлердің аумағына сенбілік жұмыстарын жүргізді.

Сенбілік барысында, қураған ағаштарды қырқу, шөп ору, әктеу жұмыстары жүргізіліп, қоқыстар арнайы техникамен қоқыс полигонына шығарылды.

«Тазалық – табалдырықтан басталады», демекші қоршаған ортаның тазалығына жауапкершілікпен қарау – әрбір азаматтың басты міндеті. Жалпы, тазалық жұмыстары қаламызда үздіксіз жүргізіліп келеді. Алайда «Тазалық тазаланған жерде емес, ласталмаған жерде болады» демекші, тұрғындардың санасына тазалық сақтау мәдениеті орнықпайынша мәселенің тез шешілуі оңай емес екені белгілі. Сондықтан, шымкенттіктер тұрып жатқан мекенін таза ұстауға атсалысса игі. Сонда ғана қаладағы жауапты мекемелердің жанкешті еңбегі көзге көрінер ме еді.

Тұрғындар арасында тұрғылықты жерін таза ұстау, ластануға жол бермеу, айналаны көгалдандыру жұмыстарына жұмыла атсалысатындай жаңа көзқарас қалыптастыруымыз керек. Ол үшін бір-бірімізге деген құрметтің де өзіндік орны бар.

Қала тазалығы баршаға ортақ. Әйтсе де, жерлестеріміздің тазалық жөніндегі мәдениетін, түсінігін әлі де көтеру қажет. Тазалық – отбасында қалыптасатын дүние. Шыны керек, кейбір ата-аналар үйде отырып алып балаларын қоқыс төгуге жұмсайтыны жасырын емес. Мұндай жағдайлар рейдтік шаралар барысында көптен кездесуде. Ал, сол бала шынында қоқысты арнайы темір жәшікке апарды ма, жоқ па, әлде аулаға, көше бойына лақтырып кетті ме, қадағалап жатқан жан жоқ. Тазалықты сақтау да – тәрбие. Сондықтан бұл мәселемен күреске тек көше тазалаушылар ғана емес, қоғам атсалысуы керек. Қоршаған орта тазалығы тек өзімізге байланысты екенін естен шығармайық, ағайын!

Құрметті тұрғындар!
Қай кезде де болмасын ең бірінші өз ортаңа тазалықпен қарау- адамдықтың басты қасиеті екендігі белгілі!
Қаламыздың тазалығына немқұрайлы қарамайық!

Back to top button