BasNewsЖаңалықтар

Аудандағы кәсіпкерлік нысандар аумағын абаттандыру жұмыстары қадағалануда

Шымкент қаласы аумағын абаттандыру қағидасының 10-тармағының 1 тармақшасы /барлық ұйымдық-құқықтық нысандардың және заңды тұлғалары, оның ішінде күрделі және уақытша объектілер дербес өз қаражаты есебінен немесе ұйымдармен шарт жасасу жолымен бөлінген аумақты санитариялық күтіп-ұстауды, абаттандыруды қамтамасыз етеді/, 97 тармағы /ғимараттар мен құрылыстардың қасбеттерін күтіп-ұстау/, 98 тармағы /өз еркімен ғимараттардың қасбеттерін және олардың конструктивтік элементтерін қайта жабдықтауға жол берілмейді/, 102 тармағы /дүкендер мен кеңселердің беткі жақтары және жұмыс жағдайында ұсталуы керек, қажет болған жағдайда жеке элементтері теңгерім ұстаушымен жөнделеді және сырланады/ бойынша аудан аумағындағы кәсіпкерлік нысандар аумағының талапқа сай толық абаттандырылу және көгалдандыру жұмыстарына мониторинг жұмыстары жүргізілді.

Ауданда орналасқан кәсіпкерлік нысандарға жүргізілген мониторинг барысында ірі және шағын мейрамханалар, дәріханалар мен азық-түлік маркеттері, сауда үйлері аумақтарының басым бөлігінде толығымен келушілерге қолайлы жағдай жасалып, абаттандыру мен көгалдандыру жұмыстары жүргізілгендігі анықталды.

Сондай-ақ, кемшіліктер орын алған кәсіпкерлік нысан иелеріне ескерту беріліп, алдағы уақытта нысан ауласын қала аумағын абаттандыру қағидаларының негізгі талаптарына сай жүйелеп, абаттандыру жұмыстарын жандандыру жүктелді.

Көгалдандыру, тал егіп, оны күтіп-баптау баршамызға ортақ іс болуы тиіс. Өйткені, бүгінгі біздің еккен ағаштарымызды болашақта біздің ұрпағымыз саялайтын болады. Қала тұрғындарын жаппай көшет отырғызып, тазалық жұмыстарын жүргізуге шақырамыз. Тазалық – бірінші кезекте өз денсаулығымызды сақтауға септігін тигізсе, көшет отырғызу – жасыл белдеу қалыптастырудың негізі.

ҚҰРМЕТТІ АУДАН КӘСІПКЕРЛЕРІ!!! БАРШАҢЫЗДЫ ӨЗ КӘСІПКЕРЛІК НЫСАН АУМАҒЫН ҚАҒИДА ТАЛАПТАРЫНА СӘЙКЕС АБАТТАНДЫРЫП ЖӘНЕ КӨГАЛДАНДЫРУ ЖҰМЫСТАРЫН ЖҮРГІЗУГЕ ШАҚЫРАМЫЗ! ҚАЛА МӘРТЕБЕСІН БІРГЕ АСҚАҚТАТЫП, КӨРКЕЮІНЕ АТСАЛЫСАЙЫҚ!!!

Back to top button