BasNewsЖаңалықтар

Қарағанды ​​облысында 54 миллион теңгенің рельстері ұрланды

Қарағанды облысында көлік полицейлері ұзындығы 222 метр рельсті ұрлаған бір топ адамды ұстады, – деп хабарлайды Basnews.kz Көліктегі полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Сәуір айында бір топ адам арнайы техниканы пайдалана отырып, «Жезқазған-РЗД-1» станциясының аралығында ауыстырып төсеуге арналған жалпы ұзындығы 222 метр болатын рельсті ұрлаған. Сонымен қатар, 1600 метр темір жол төсемі зақымдалып, шығын сомасы 54 млн теңгеден асты», – дейді Көліктегі полиция департаментінің бастығы Оңал Бекеев.

О.Бекеевтің айтуынша, осы жылдың 21 мамырында жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында Қарағанды-Сұрыптау станциясындағы Желілік полиция бөлімінің қызметкерлері аталған қылмысты жасады деген күдікпен төрт адамды анықтап, ұстады.

Департамент бастығы ұсталғандардан заттай дәлелдемелер алынғанын айтты.

Қазір аталған факті бойынша ҚР ҚК 188-бабы 4-бөлігінің 3-тармағы, яғни аса ірі мөлшерде адамдар тобы алдын ала сөз байласу арқылы жасаған ұрлық бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Back to top button