BasNewsЖаңалықтар

«Аlem luxury» жиһаз өндіруге бағытталған фабрика жылына 5 мың дана өнім өндіруге әлеуеті бар

Шымкент қалалық кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасының мәліметі бойынша, «Тассай» индустриалды аймағы бес жылдың ішінде 28 миллиард 100 миллион теңге инвестиция тартылып, 18 кәсіпорын ашылған. Бұл кәсіпорындарда 1 мың тұрақты жұмыс орны құрылды.

Шымкент қаласы «Тассай» индустриалды аймағында орналасқан «Аlem luxury» ЖШС-нің құрылысы жуырда аяқталды. Жиһаз өндіруге бағытталған фабрика жылына 5 мың дана өнім өндіруге әлеуеті бар. Жобаны жүзеге асыруға 500 млн теңге тартылған. Қала әкімі Мұрат Әйтенов индустиалды аймақты аралау барысында кәсіпорынның жұмысымен танысты.

Шаһар басшысы аялдаған келесі нысан – «DentaFill Kazakhstan» ЖШС. Дәрілік және гигиеналық заттарды өндіретін  компания жылына 10 млн дана өнім шығаруға қауқарлы. Бүгінде нысанның құрылысы аяқталып, қажетті құралдармен жабдықталуда.

Одан кейін Мұрат Әйтенов «SMART ENG» жиһаз фабрикасында болды. Жылдық әлеуеті 120 мың жиһаз өндіретін кәсіпорын жақын арада ресми түрде өз жұмысын бастағалы тұр. Нәтижесінже 100 адам жұмыспен қамтылады.

Аумағы 2 га жерге орналасқан фабриканың құрылысы 2021 жылы басталып, оған 750 млн. теңге инвестиция тартылған.

–Кәсіпорын ашуға ықылас білдірген кәсіпкерлердің барлығына өз тарапымыздан түрлі бағытта қолдау көрсетуге дайынбыз. Қаламызда зауыт, фабрикалардың көптеп салынуы қала экономикасының дамуына оң әсерін тигізумен бірге, азаматтарымыз тұрақты жұмыспен қамтылады. Ендігі кезекте жұмысшылардың еңбек шарттарында көрсетілген барлық қауіпсіздік шаралары қамтамасыз етілуі керек, -деді қала әкімі.

Аралау барысында Мұрат Әйтенов сала басшыларына кәсіпкерлерге барынша қолдау көрсетіп, олардың нәтижелі жұмыс жасаулары үшін қолдан келген барлық мүмкіндіктерді қарастыруды тапсырды.

Толықтыра кетейік, аймақтың аумағы бүгінде толық,  100 % ға жұмыс істеп тұр. Мұнда әр жыл сайын жаңа жобалар қолға алынып жатыр. Мысалы, 2020 жылы 6 инвестициялық жоба іске асты. Өткен жылы тағы 3 жобаны іске қосылды. Шымкенттегі «Оңтүстік» және «Тассай» индустриалды аймағы өндіріс орындарына жүз пайыз толды. Ендігі кезекті қала экономикасының әлеуетін барынша арттыру мақсатында тағы  индустриалды аймақ ашу жоспарланып отыр.

Back to top button