Пікір

Әжелерге референдум барысы түсіндірілді

Түркістан облыстық Қоғамдык кеңес мүшесі, Республикалық референдум өткізу жөніндегі Түркістан облыстың қоғамдық штабының мүшесі, «Бітімгер» медиаторлардың қоғамдық бірлестігінің басшысы Бақытжан Бейсембаев Түркістан қалалық ардагерлер ұйымының жанындағы «Әжелер алқасының» мүшелерімен кездесу өткізіп, осы жылдың 5 маусымында өтетін Республикалық референдумда қаралатын мәселе – Ата Заңымызға енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар жайлы,атап айтқанда,конституциялық реформалардың тұжырымдамалық негіздері мен ерекшеліктерін және аталған реформалардың негізгі бағыттарын егжей-тегжейлі түсіндіре келіп, жиынға қатысущыларды конституциялық реформаларды қолдауға және азаматтық белсенділік танытып Республикалық референдумға бір кісідей қатысуға шакырды.»Әжелер алқасының» мүшелері өз тараптарынан еліміздің Ата Заңына енгізілетін өзгертулер мен толықтыруларды қолдайтындықтарын білдірді.

Back to top button