Пікір

Қоғам белсенді болса бағынбайтын белес жоқ

Бүгінде елдің белсенді әрекетін аңғару қиын емес. Таяу күндері болатын референдумға да күнібұрыннан дайындалып, білмегенін сұрап, белсенділік танытып жатыр. Бұл жақсылықтың белгісі.
Иә, ойды ой қозғайды демекші, бұл саяси реформалар да біраз тың ойларға түрткі болып, жаңа бастамаларға жол ашып жатыр. Ел арасындағы көкейтесті мәселелер мен өзекті проблемалар да осындайда айтылады. Яғни, айтылған ұсыныс-пікірлерге қарап, қоғам неге мұқтаж екенін, алдағы уақытта не нәрсеге басымдық берілу керектігін бағамдай бастадық. «Келісіп пішілген тон келте болмас» деп дана халқымыз бекер айтпаған, әр нәрсені ақылға салып, жеті өлшеп, бір кесетін болсақ, одан біз жаман бола қоймаспыз.
Ендеше, өз құқығымызды, өз мүмкіндігімізді пайдаланып, 5 маусым күні болатын жалпыхалықтық референдумға қатысайық. Өз таңдауымызды жасайық!

ЖАҚАШЕВ ҚАНАТ ҮСЕНҰЛЫ
Қазақстан журналистер одағының мүшесі

Back to top button