BasNewsЖаңалықтар

18 наурызда «Nur Otan» партиясы Саяси кеңесінің отырысы өтпейтін болды

2020 жылдың 18 наурызына белгіленген «Nur Otan» партиясы Саяси кеңесінің отырысы өтпейтін болды. Бұл туралы Бауыржан Байбек Twitter-дегі парақшасында жазды, – деп хабарлайды  Basnews.kz.

«Коронавирус инфекциясы тарау қаупіне байланысты енгізілген шектеу шараларына орай 2020 жылдың 18 наурызына белгіленген «Nur Otan» партиясы Саяси кеңесінің отырысы өтпейтін болды» делінген хабарламада.

Еске сала кетейік, 5 ақпан күні Елбасы пратия Төрағасының Бірінші орынбасары Бауыржан Байбекті қабылдап, бірқатар нақты тапсырмалар жүктеді. Кейін «Nur Otan» партиясының Төрағасы – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев 2020 жылдың 18 наурызында партияның Саяси кеңесінің кеңейтілген отырысын шақыру туралы Қаулыға қол қойды.

 

Басқа жаңалықтар

Back to top button