Шымкенттегі мемлекеттік Жастар саясатын іске асыру мәселелері

Мемлекеттік жастар саясатының мақсаты жастардың толыққанды рухани, мәдени, білім алу, кәсіби және дене бітімін дамыту, шешімдер қабылдау процесіне қатысу, табысты әлеуметтену және оның әлеуетін елдің одан әрі дамуына бағыттау үшін жағдайлар жасау болып табылады.
Әлемнің неғұрлым дамыған елдерінің қалыптасу тәжірибесі мемлекеттіліктің инновациялық әлеуетінің негізгі тасымалдаушысы өзгеріп отырған саяси және әлеуметтік-экономикалық болмысқа тез әрі тиімді бейімделе алатын жастар болып табылатынын айқын дәлелдейді.
Осыдан қисынды түрде кез-келген мемлекеттің қызметіндегі мемлекеттік жастар саясаты басым бағыттардың бірі болуы керек. Қазақстанның болашағы нақ оның саяси бағдарына, патриотизміне, сапалы біліміне, кәсібилігі мен біліктілігіне байланысты болады.



