BasNewsЖаңалықтар
АҚШ-та 30 жүк вагоны рельстен шығып, аударылып қалды

Union Pacific америкалық теміржол компаниясы апаттың салдарын жою үшін арнайы бригадалар аттандырды, деп хабарлайды Basnews.kz
АҚШ-тың Канзас штатында жүк пойызы апатқа ұшырады. 19 маусымда жергілікті құқық қорғау органдары Лоуренс қаласының маңында 30 вагон аударылып қалғанын хабарлады, деп хабарлайды РЕН-ТВ.
Вагондарға көмір тиелгені белгілі болды. Зардап шеккендер жоқ екені айтылады.
Оқиға орнында шұғыл қызметтер жұмыс істеп жатыр.
Union Pacific америкалық теміржол компаниясы апаттың салдарын жою үшін арнайы бригадалар аттандырды.



