BasNewsЖаңалықтар
Томирис Байсафа ісі: сот тергеуді аяқтады

Сот Мәскеуде қаза тапқан қазақстандық студент Томирис Байсафаның ісі бойынша тергеуді аяқтады, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі. Бұл туралы 2018 жылы қайтыс болған марқұмның анасы мәлімдеді.
Жанна Ахметова әлеуметтік желідегі парақшасында сот істі қарауды аяқтағанын және енді үкім шығарылғанға дейін тараптар пікірсайыс өткізуі ғана қалғанын хабарлады.



