BasNewsЖаңалықтар
Елімізде бір тәулікте 110 адам коронавирус жұқтырды

Қазақстанда ПТР-тестінің оң нәтижесі бар коронавирус бойынша 2022 жылғы 28 маусымдағы эпидемиологиялық жағдай туралы мәлімет берілді, деп хабарлайды Basnews.kz
Өткен тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырған 110 жағдай тіркелді. Оның ішінде:
- Нұр-Сұлтанда – 29,
- Алматыда – 56,
- Шымкентте – 7,
- Ақмола облысында – 2,
- Алматы облысында – 1,
- Атырау облысында – 2,
- Жамбыл облысында – 4,
- Қарағанды облысында – 6,
- Павлодар облысында – 1,
- Солтүстік Қазақстан облысында – 2,
Осылайша елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 1 306 471 жетті.
Сонымен қатар Қазақстанда 48 адам коронавирус инфекциясынан жазылып шықты:
- Нұр-Сұлтанда – 10,
- Алматыда – 34,
- Қостанай облысында – 1,
- Қызылорда облысында – 1,
- Павлодар облысында – 2,
Елімізде барлығы 1 292 328 адам COVID-19-дан емделіп, сауығып шықты.
29 маусымдағы мәлімет бойынша, 528 адам коронавирус инфекциясынан (–480+ және 48 КВИ-) емделіп жатыр. Оның ішінде 93 пациент стационарда, 435 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдап жатыр. КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында 4 адамның жағдайы ауыр.



