BasNewsЖаңалықтар

Шілденің басы салқын болады

Синоптиктер 30 маусым мен 2 шілде аралығындағы ауа райы болжамын ұсынды. Қазақстанда қатты жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Жел күшейіп, бұршақ, бұрқасын болуы мүмкін. Сонымен қатар ауа температурасы төмендейді, күн салқын болады, деп хабарлайды Basnews.kz

Қазақстанда күн күркіреп, 1 шілдеде шығыста, 2 шілдеде республиканың батысында қатты жаңбыр жауады. Сонымен қатар бұршақ жауып, бұрқасын болады, жел күшейеді, – деді «Қазгидромет» РМК

Болжам бойынша, еліміздің басым бөлігінде ауа температурасы төмендеп, ауа райы салқын болады.

Бұған дейін «Қазгидромет» РМК жазғы ауа райы болжамын ұсынған еді.

Back to top button