BasNewsЖаңалықтар

Экстремизмді насихаттауға қарсы іс-қимыл

Қазіргі қоғамның ақпараттық ашықтығы жағдайында экстремизмді насихаттау бірнеше арналар арқылы жүзеге асырылады: экстремистік әдебиетті елге заңсыз әкелу, жеке байланыстар, мешіттерде және тұрғылықты жері бойынша насихат, әлеуметтік желілер.

Қазақстанда экстремистік идеологияға қарсы іс-қимылдың алдын алу бағыты бар және елдің ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі бағыттардың бірі болып табылады.

1998 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстан Республикасының Қылмыстық және қылмыстық іс жүргізу кодекстерін қолданысқа енгізу Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігіне қатер төндіретін қылмыстардың алдын алу және жолын кесу жөніндегі бастапқы нүкте болды. «Терроризммен күрес туралы» ҚР Заңы еліміздегі терроризмге қарсы іс-қимылдың құқықтық және ұйымдастырушылық негіздерін айқындады.

Радикалды идеологияның таралуына жол бермеудің мынадай әдістері неғұрлым жалпы жоспарда ерекшеленеді: діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі заңдар мен заңнамалық актілерді әзірлеу мәселелері бойынша заң шығару қызметі; арнаулы және құқық қорғау органдарының іс-шаралары; мемлекеттік және қоғамдық құрылымдардың идеологиялық жұмысы; барлық конфессиялар дін өкілдерінің белсенді қызметі; жастармен рухани-адамгершілік және психологиялық жұмыс; халықтың діни сауаттылығын арттыру.

Қазақстан Халықаралық антитеррористік коалицияға белсенді қатысуда. Республика терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі қолданыстағы 12 халықаралық конвенцияның 7-іне, оның ішінде: терроризмді қаржыландыруға қарсы күрес туралы халықаралық конвенцияға; бомбалық терроризмге қарсы күрес туралы халықаралық конвенцияға; БҰҰ-ның халықаралық терроризмді жою жөніндегі шаралар туралы декларациясына қосылды.

Бұдан басқа, Қазақстан халықаралық терроризм мен экстремизмге қарсы іс-қимыл міндеттерін алға қоятын бірқатар халықаралық және өңірлік ұйымдардың белсенді қатысушысы болып табылады: Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі Кеңес; Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы; Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы; Солтүстік Атлантикалық әріптестік Кеңесі; Еуропадағы қауіпсіздік және Ынтымақтастық Ұйымы.

Back to top button