BasNewsЖаңалықтар

Туберкулез бойынша эпидемиологиялық жағдай

Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымының (ДДСҰ) мәліметтері бойынша, егер ауру 100 000 адамға шаққанда 50-ден астам адамды құраса, туберкулез эндемиялық ауру болып табылады.

Соңғы бірнеше онжылдықта Қазақстанда туберкулезбен сырқаттану деңгейі тұрақты төмендеуде. Қазақстанда туберкулезбен сырқаттанушылықтың ең шыңы 2002 жылы байқалды (100 000 тұрғынға 162,5), алайда ДДҰ ұсынымдарын тиімді және жоспарлы орындаудың арқасында 2020 жылы 100 000 тұрғынға 49,2-ге дейін төмендеді.

Соңғы 10 жылда Қазақстанда туберкулезбен сырқаттану көрсеткіші жылына орта есеппен 8-10 пайызға төмендеді. 2020 жылы бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 24,6 пайызға төмендеді.

Шымкент қаласының ақпараттық-коммуникациялық орталығында Шымкент қаласының санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің аса қауіпті аурулар мен туберкулезді эпидемиологиялық қадағалау бөлімінің басшысы Б.Мұсаева мен Түркістан облысы ҚДБ «ҚПО» №3 терапевтік бөлімшесінің меңгерушісі Г. Ештаева сөз сөйледі.

Шымкентте туберкулез бойынша эпидемиологиялық жағдай салыстырмалы түрде тұрақты болып табылатыны атап өтілді.

Ағымдағы жылдың 6 айында жалпы қала бойынша туберкулездің 171 жағдайы тіркелді. Оның ішінде өкпе туберкулезі 135. Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда туберкулезбен жалпы сырқаттанушылық 5 жағдайға, өкпе туберкулезімен сырқаттанушылық 8 жағдайға артты.

2022 жылдың 6 айының қорытындысы бойынша Шымкент қаласында туберкулезбен сырқаттанушылық көрсеткіші екі жыл ішінде 100 мың тұрғынға шаққанда бір деңгейде сақталып, 15,3-ті құрады. Өлім көрсеткіші бойынша Шымкент қаласы 9,1% – ға төмендеді. Туберкулездің асқынған жағдайлары тіркелген жоқ.

«Жоғары қауіпті топтағы» балалар мен 14 жасқа дейінгі туберкулез ошақтарының арасында туберкулезді ерте анықтау мақсатында Манту сынамасы жылына 1 рет қамтылады. Ересектер мен жасөспірімдер жылына бір рет флюорографиялық тексеруден өтуі керек.

Back to top button