BasNewsЖаңалықтар

Шымкенттің цифрлық инфрақұрылымы: халықты сапалы интернетпен қамтамасыз ету

Қазақстан Республикасының 2025 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспары, атап айтқанда, қазіргі бар салаларда және тұтастай алғанда экономикада еңбек өнімділігін ұлғайтуға бағытталған реформаны іске асыруды көздейді, ол үшін цифрлық экономиканың қалыптасуын және цифрлық технологияларды тыныс-тіршіліктің барлық салаларына енгізуді қамтамасыз ету қажет.

Бұл туралы Шымкент қаласының цифрландыру басқармасының басшысы А.Әбдірахановтың аймақтық ақпараттық-коммуникациялық орталығында өткен брифинг барысында Шымкент қаласының цифрлық инфрақұрылымын цифрландыру және дамыту саласындағы атқарылған жұмыстармен және 2022 жылға арналған жоспардың орындалу барысымен бөлісті.

2022 жылы ұялы байланыс операторларымен интернет сапасы төмен 12 елді мекеннің координаттары келісілді.

Қазіргі уақытта тартылған инвестор «Ақниет», «Қызылжар», «Игілік», «Жаңаталап», «Тәуелсіздіктің 20 жылдығы», «Азат», «Тұран» және «Асар»елді мекендерінде антенна-діңгек құрылғыларын орнату жұмыстарын жүргізуде.

«Елтай», «Тоғыс», «Маятас» және «Бозарық»елді мекендерінде базалық станциялар орнатылып, пайдалануға берілді. Тиісті жұмыстар жыл соңына дейін жүргізіліп, нәтижесінде қаланың 71 000-нан астам тұрғыны сапалы мобильді интернетпен қамтамасыз етіледі деп жоспарлануда. Жыл соңына қарай сапалы интернетпен қамтамасыз ету үлесі 95% – ға жетеді.

Қаланың 20 елді мекенінде базалық станция орнату жоспарлануда, онда жаңа технология бойынша антенна-мачталық құрылғылар орнатылады.

Ағымдағы жылы жоспарға 15 елді мекенді талшықты-оптикалық желімен қамтамасыз ету енгізілді. Бүгінгі таңда инвестор «Самал-3», «Забадам», «Қазығұрт», «Құрсай», «Қарабастау» және «солтүстік – батыс»елді мекендерін талшықты-оптикалық желімен толық қамту бойынша жұмыстар жүргізді.

Жыл соңына дейін 165 303 азаматқа сапалы интернет қолжетімді болады.

Сондай-ақ, жыл соңына дейін 12 000 тұрғын үйге оптика орнатылады, қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында биыл 1000 бейнебақылау камерасы орнатылады.

Back to top button