BasNewsЖаңалықтар

Ұлтаралық келісім Шымкент моделі ретінде

Ресми деректерге сәйкес бүгінгі таңда Шымкент қаласының халқы 1 074 466 адамды құрайды.

Оның ішінде ұлттық құрам бойынша: қазақтар – 764947 (68,76%), өзбектер – 193163 (17,36%), орыстар – 90872 (8,16%), әзірбайжандар – 19246 (1,73%), татарлар – 10 386 (0,93%), түріктер – 7 818 (0,7%), корейлер – 6 618 (0,59%), күрдтер – 3 508 (0,3%), украиндар-2 193 (0,19%), қырғыздар-2192 (0,19%), ұйғырлар – 1 980 (0,17%), шешендер – 1 508 (0,13%), парсылар –1 258 (0,11%), немістер – 1 206 (0,10%), тәжіктер – 978 (0,08%), башқұрттар – 393 (0,03%), гректер – 611 (0,05%), басқа этностар саны – 3 592 (0,32%).

2001 жылдың өзінде бес басты қағидатты қамтитын Қазақстанның ұлттық идеясы тұжырымдалды: республиканың көпұлтты халқының теңдігі; мемлекетті құрайтын этностың – қазақ халқының жауапкершілігі; діни сенім бостандығы; қоғамға және өз отбасына еңбек етуге қабілетті әрбір адамның заңға бағынуы және өзін-өзі қамтамасыз етуі.

Осы қағидаттардың барлығы Қазақстанда тұратын барлық халықтар мен этникалық топтардың тарихи тағдырларының ортақтығына негізделеді. Қазақстандағы ұлтаралық қатынастар мемлекеттік құрылыстың негізіне этностық емес, азаматтық негізінде мәдени бірегейлікті қалыптастыру қағидаты алынғандығымен айқындалады.

Этносаралық қатынастар саласындағы негізгі стандарттар еліміздің негізгі құжаты-Қазақстан Республикасының Конституциясында жазылған.

Тарих қазақ жерінің түрлі себептерге байланысты өз аумағына келген көптеген халықтардың өкілдері үшін туған шаңырағына айналғанын айғақтайды. Дала құқығы негізінде тарихи қалыптасқан қазақ халқының үлкен адами капиталы, ол бойынша адам міндетті түрде өз жағдайының бір бөлігін жолсерік пен қонаққа көмекке бөлген, қоғамдық тұрақтылықты, ұлтаралық келісім мен халықтар достығын қамтамасыз етуге бағытталған мемлекеттік саясаттың топтастырушы бөлігіне айналды.

Мемлекеттік ұлттық саясатты іске асыру және ұлтаралық толеранттылық үдерістерін тереңдету мәселелері Шымкент қаласының Қазақстан халқы Ассамблеясының қарауында.

Back to top button