BasNewsЖаңалықтар
Елімізде коронавирус жұқтырған 10-науқас тіркелді

Елімізде коронавируспен ауырған 10-шы науқас тіркелді. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Диас Ахметшәріп айтты, деп хабарлайды BasNews.kz.
1986 жылы туған қыз 15 науызда Ыстанбұл қаласынан Алматыға ұшып келген.
Қазір Қазақстанда эпидемияға қарсы барлық қажетті шара атқарылып жатыр. Соның ішінде оқшаулау, емдеу және дезинфекциялық іс-шара бар. Карантинге жатқызу үшін төсек орындары әзірленген. Медициналық препараттар мен дезинфекциялық құралдар қоры жеткілікті. Медициналық персонал толық дайын. Сұрақ туған жағдайда, 1406 нөміріне call орталыққа хабарласу керек, деді ол.



