BasNewsЖаңалықтар

Этномәдени бірлестіктер ұлтаралық тұрақтылық факторы

Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары, ҚР Президенті Әкімшілігінің ҚХА хатшылығының меңгерушісі М.Әзілханов Шымкент қаласының этномәдени бірлестіктерінің төрағаларымен, сондай-ақ қаланың журналистері мен блогерлерімен кездесіп, пікір алмасты. Кеңеске Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Ш. Мұқан қатысты.

Қазіргі уақытта Шымкентте 17 этномәдени бірлестік ресми тіркеліп, жұмыс істейді, олар этносаралық толеранттылық процестерін тереңдету және ұлтаралық қатынастар мәдениетін тәрбиелеу, этникалық негіздегі құқық бұзушылықтардың алдын алу мәселелері бойынша барлық ұлт тұрғындары арасында көп қырлы және көлемді жұмыс жүргізеді.

М.Әзілханов қалалық этномәдени бірлестіктердің төрағаларымен және ішкі саясат және жастар істері басқармасының «Қоғамдық келісім» мекемесінің қызметкерлерімен этносаралық қатынастарды дамытудың өзекті мәселелерін, елдегі және өңірдегі қоғамдық-саяси тұрақтылықты қамтамасыз етудегі мемлекеттік саясаттың басым бағыттарын талқылады.

Қазіргі уақытта мемлекеттік ұлттық саясатты іске асырудың өзекті бағыттарының бірі тікелей мемлекеттік құрылымдардың да, этномәдени бірлестіктердің де ақпараттық-профилактикалық қызметі болып табылады. Бұл әлемдік геосаясаттағы жаһандық проблемаларға, бірқатар елдердегі ұлтаралық қайшылықтардың шиеленісуіне және агрессивті ұлтшылдық насихатқа байланысты.

Қала әкімінің бірінші орынбасары Ш.Мұқан қоғамдық тұрақтылықты сақтау бойынша ақпараттық-насихат жұмыстарын күшейту қажеттігін атап өтті.

Қалалық ҚХА төрағасының орынбасары Р.Пак, түрік этномәдени бірлестігінің төрағасы Л. Асанов, татар-башқұрт этномәдени бірлестігінің төрағасы А. Мухамедова баяндама жасады.

Сонымен қатар, М.Әзілханов БАҚ өкілдерімен және блогерлермен еркін форматта сөйлесіп, олардың ұсыныстарын тыңдады. Кездесу барысында ақпараттық кеңістікте халық бірлігін сақтау, жастар үшін үлкен тәрбиелік мәні бар ақпараттық контентті қолдау және т. б. мәселелер көтерілді.

Шымкент қаласы ҚХА жанындағы журналистер мен блогерлер клубының жұмысы туралы клуб жетекшісі З. Оралбаева баяндама жасады.

 

Басқа жаңалықтар

Back to top button