BasNewsЖаңалықтар

Экологияны жақсартудың жолы кәріз жүйесін іске қосу

Қазіргі таңда қоршаған ортаны қорғау – әрбір қазақстандық азамат үшін үлкен жауапкершілікке айналуы тиіс. Өйтпейінше, экология мәселесі күрделене түседі. бүгінде адамзат алдында екі өзекті мәселе тұр, олар – бейбітшілік пен табиғатты қорғау. Адамзаттың болашағы сол мәселелерді шешуге тікелей байланысты.

Қоршаған ортаны қорғау дегеніміз негізінен қоршаған ортаның табиғи жағдайын жақсарту, табиғи ресурстарды тиімді пайдалану, табиғи байлықтарды сақтау және көркейту негізінде табиғат пен қоғамның өзара үйлесімді әрекетін қамтамасыз етуге бағытталған мемлекеттік және қоғамдық іс шаралар жүйесі.

Қоршаған ортаны қорғау – жерді сақтау, оның пайдалы қазбаларын, су ресурстарын, өсімдіктер мен жануарларды қолдану, ауа мен судың тазалығын қамтамасыз ету, яғни қоғам мен табиғаттың гармониялық қарым-қатынасын қамтамасыз ету. Қоршаған ортаны қорғау туралы заңдары Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделген.

Шымкент қаласында канализациялық жүйелердің  2021 жылы 13 нысанның құрылысы жүргізілді (оның ішінде, 3 магистралды, 10 ішкі орамдық).

Жыл соңымен 1 магистралды 2 елді мекенде құрылыс жұмыстары аяқталып, 18 мыңға жуық халық кәріз жүйесіне қосылуға мүмкіндік алды (Магистралды – Тұран. Ішкі жүйе – Самал-1, Наурыз).

Нәтижесінде, кәріз жүйесімен қамту деңгейі 52,3%-дан 54%-ға жеткізілді.

Қазіргі таңда, 81 шағын ауданның 19(597,8 мың адам) кәріз жүйесімен қамтамасыз етілсе, 62 шағын аудан қамтылмаған.

2022 жылы 14 нысанның (о.і. 2 магистралды кәріз коллекторының, 1 кәріз сорғы станциясы (КНС) және 11 ішкі орамдық жүйенің) құрылыс жұмыстары жүргізілуде. (Қаралған қаржы – 6,9 млрд.теңге (РБ – 5,3 млрд.тг., МБ – 1,6 млрд.тг) 2022 жылы Аяқталатын магистралдар:Арғынбеков кол,Тұран ішкі магистрал, Достық КНС,  Аяқталатын нысандар:Самал-3,Солтүстік-Шығыс,Ұлағат,Мирас-Шапағат, Жұлдыз т.а., Хлопзавод

Басқа жаңалықтар

Back to top button