BasNewsЖаңалықтар

Шымкент қаласындағы этномәдени бірлестіктері

Мемлекеттік ұлттық саясатты республикалық, сондай-ақ қалалық ауқымда іске асырудың негізгі компоненті этномәдени бірлестіктер болып табылады.

«Қазақстан халқы Ассамблеясы туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес этномәдени бірлестіктер – бұл Қазақстан Республикасының Заңы мен өзге де нормативтік құқықтық актілері негізінде әрекет ететін, Ассамблеяның мақсаты мен міндеттерін бөлісетін коммерциялық емес ұйымдар.

Ассамблеяның этномәдени бірлестіктері қоғамдық бірлестіктердің ұйымдық-құқықтық нысанында құрылады және Ассамблеяның жергілікті, өңірлік немесе республикалық бірлестіктері ретінде жұмыс істей алады.

Этномәдени бірлестіктер қызметінің негізгі басымдықтары:

– этникалық әралуандықты, тарихты, тілді, әдет-ғұрыптарды, дәстүрлерді, мәдениетті сақтау және дамыту;

– Қазақстан халқының бірлігін нығайту, қазақ мәдениетіне баулу, мемлекеттік тілді меңгеру;

– Қазақстанның гүлденуіне үлес қосуға ұмтылу;

– этникалық шығу тегі бар елмен байланысты дамыту, этномәдени бірлестік тірі байланыстырушы көпір қызметін атқаратын елдер арасындағы ынтымақтастыққа жәрдемдесу.

Ассамблея құрамына қоғамдық аккредиттеу рәсімінен өткен этномәдени бірлестіктер кіреді.

2022 жылғы жағдай бойынша Шымкентте 17 этномәдени бірлестік ресми тіркеліп, жұмыс істейді.

Оның ішінде этномәдени бірлестіктер: «Ынтымақ» этносаралық мәдени бірлестігі, өзбек, славян, әзірбайжан, түрік, татар-башқұрт (екі бірлестік), корей, иран, ұйғыр, шешен-ингуш, неміс, грек, грузин, армян, еврей, күрд.

Шымкент қаласының этномәдени бірлестіктері этносаралық толеранттылық үдерістерін тереңдету және ұлтаралық қатынастар мәдениетін тәрбиелеу, этникалық негіздегі құқық бұзушылықтардың алдын алу мәселелері бойынша барлық ұлт тұрғындары арасында көп қырлы және көлемді жұмыс жүргізуде.

Басқа жаңалықтар

Back to top button