BasNewsЖаңалықтар

Қаңтар оқиғасы бойынша 92 адам жазаға тартылды – Бас прокуратура

Қаңтар оқиғасы бойынша сотқа 474 қылмыстық іс жолданып, 717 адам сотталған. Бұл туралы ҚР Бас прокуратурасы Арнайы прокурорлар қызметі басшысының орынбасары Нұрлыбек Сәбитов мәлім етті, деп хабарлайды Basnews.kz

Мемлекет басшысының жазаны ауырлататын мән-жайлар болмаған кезде жеңілдету туралы тапсырмасын орындау үшін прокурорлар соттарды бас бостандығынан айыруға байланысты емес жазаларды тағайындауға бағыттайды.

Осылайша, Жамбыл облысының полиция департаментінен ұрланған «Макаров», «Стечкин» жүйесіндегі жауынгерлік тапаншаларды және оларға арналған патрондарды сақтағаны және тасымалдағаны үшін жергілікті тұрғынға Тараз соты үкім шығарды.

Ол кінәсін мойындап, жасаған ісіне өкінді, сонымен қатар сотқа дейінгі тергеу барысында тергеу органдарына көмек көрсетті. Осы мән-жайларды ескере отырып, ол екі жылға бас бостандығын шектеу жазасына кесілді.

92 сотталушы бас бостандығынан айырудың нақты мерзімін алды. Олар қаруды ұрлау және сақтаумен байланысты ауыр қылмыстарды жасаған, келтірілген шығынды өтемеген және өтелмеген соттылығы болған, – деп хабарлайды ҚР БП Арнайы прокурорлар қызметі бастығының орынбасары Нұрлыбек Сәбитов

Қалған қылмыстық істер бойынша тергеу органы бұлтартпас дәлелдемелерді жинау және барлық қатысы бар адамдарды қылмыстық жауапкершілікке тарту бойынша қажырлы жұмыс атқаруда.

Жұмыстың негізгі бөлігі тәртіпсіздіктер мен лаңкестік актілерге қатысты. Істер бойынша мыңнан астам күдікті анықталды. Әрқайсысымен жауап алу, беттестіру, айғақтарды орнында тексеру және нақтылау және т.б. сияқты тергеу әрекеттерінің кешені жүзеге асырылады. Тек арнайы прокурорлардың істері бойынша 40 мыңнан астам тергеу әрекеттері жүргізілген, – деп хабарлайды Нұрлыбек Сәбитов

Бұған дейін Бас прокуратура қаңтардағы тәртіпсіздікке қатысты 286 күдікті қамауда қалғанын хабарлаған.

Back to top button