BasNewsЖаңалықтар

«Бизнес бастау» кәсіпкерлік негіздеріне оқытатын курстарға ақылы түрде азаматтарды тіркеу бойынша алаяқтық фактілері жиіледі

Шымкентте «Бизнес бастау» кәсіпкерлік негіздеріне оқытатын курстарға ақылы түрде азаматтарды тіркеу бойынша алаяқтық фактілері жиіледі. Олай дейтініміз, азаматтардан жоғарыда көрсетілген мемлекеттік шараларға тарту мақсатында алаяқтар қалалық жұмыспен қамту орталығы мамандарының атымен жамылып, мемлекеттік орган қызметкерлері ретінде өздерін таныстырып, нәтижесінде бірқатар қала тұрғындары алданып, жұмыспен қамту және әлеуметтік басқармасына, аудандық ішкі істер бөлімшелеріне арыздарын жазуда.

Осыған орай, қала тұрғындарын аталған іс-әрекеттерге бармауға, алаяқтықтарға алданбауға шақырамыз. Егер де, сенімсіздік, немесе алаяқтардың құрбаны болсаңыз құзырлы органға (1424 Адалдық алаңы) болмаса жұмыспен қамту басқармасына (27-74-31) шағымдансаңыздар болады. Бұл мемлекеттік шаралар ақысыз және қолжетімді екендігін назарларыңызға салғым келеді.

Биылғы жылдың шілде айының 25-нен бастап «Бастау Бизнес» жобасы аясында кәсіпкерлік негіздеріне оқыту жаңа форматта қолжетімді болады. Өз ісін бастауды жоспарлап отырған азаматтар Skills.enbek.kz платформасы арқылы онлайн режимде бизнес жүргізу үшін базалық білім мен дағдыларды ала алады.

Оқу курсына жазылу үшін Business.enbek.kz порталда тіркелу, оқыту шарттарына сәйкестігіне автоматты тексеруден өту қажет. Шарттарға сәйкес болған жағдайда қатысушы Skills.enbek.kz платформаға өтіп, оқуға кірісе алады.

Гранттарды халықты жұмыспен қамту орталықтары грант алуға үміткерлердің өтініштерін қарау жөніндегі  комиссияның шешімі негізінде береді. Үміткерлер өз бизнес-жобасын комиссия отырыстарында таныстырады.

 

Бұл ретте комиссияның әрбір мүшесі бизнес-жоспарды бағалайды және бағалау парағын мынадай өлшемшарттар бойынша толтырады: бизнес-идеяның бәсекеге қабілеттілігі, өткізу нарықтарының пысықталуы, бизнес-жобаның қаржылық өміршеңдігі, кәсіпкерлік дағдылардың деңгейі, жаңа жұмыс орындарын құру.

Комиссия шешімі үміткердің Порталдағы жеке кабинетіне жіберіледі. Комиссияның оң шешімі болған жағдайда үміткер банк деректемелерін ұсынады, шартқа қол қояды және одан әрі тоқсан сайын қаражаттың пайдаланылуы туралы есеп береді. Мұның бәрі халықты жұмыспен қамту орталықтарына бармай-ақ, электрондық форматта жасалады.

Жеке компьютері жоқ азаматтарды жұмыспен қамту орталығы мамандарына жүгіне алатындығы жөнінде ескерткім келеді.

Орталық бөлімшелері әр ауданда азаматтарға ақпараттық-консультациялық қызметтер көрсетеді.Мекен-жайлары:

Абай ауданы бойынша: Арғынбеков көшесі, 243-3

Әл-Фараби ауданы бойынша: А.Байтұрсынов көшесі, 201

Еңбекші ауданы бойынша : Әл-Фараби алаңы 2/3

Қаратау ауданы бойынша: Нұрсат м/а, С.Бәйтереков көшесі, 89

Back to top button