BasNewsЖаңалықтар

Қазақстанның ең нашар жолдары қай өңірде

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев Қазақстандағы ең нашар жолдар қай жерде екенін айтты, деп хабарлайды Basnews.kz

Биыл жергілікті маңызы бар жолдардың сапасын бақылау кезінде 9 мыңға жуық сынама алынып, оның 2,5 мыңы, яғни 28%-ы талапқа сай емес екені анықталды.

Министрдің айтуынша, талапқа сай келмеу бойынша көш бастап тұрған өңірлер: Шымкент, Алматы, Түркістан және Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Маңғыстау облыстары.

Қолданыстағы ескертулерге қарамастан, тұтынушылар нысандарды пайдалануға қабылдауды жалғастырып жатыр. Мұндай фактілер бойынша кейбір өңірлерде қылмыстық істер қозғалды, – деді Қайырбек Өскенбаев үкімет отырысында.

Мысалы, Ақтөбе облысында сапа орталығының ескертуінен кейін жолды сапасыз орындап, қабылдап алу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Ал Шымкентте сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметпен актілерге жалған қол қою фактісі бойынша іс қозғалды.

Қайырбек Өскенбаев қаржыландыруды тең бөлу мәселесі өткір тұрғанын атап өтті. Кейбір өңірлер бұл талаптарды орындамайды.

Мысалы, мемлекет басшысының жергілікті маңызы бар жолдарды дамыту жөніндегі тапсырмасына қарамастан, Батыс Қазақстан облысында жолдардың жағдайын жақсартудың төмен көрсеткіші тіркеліп отыр. Былтыр жыл соңында облыстағы жолдардың нормативтік жағдайы 39% болса, орташа республикалық көрсеткіші 80% болды. Бұл ретте Батыс Қазақстан облысының әкімдігіне биыл автомобиль жолдарына 2,6 млрд теңге бөлінді, бұл – жалпы бюджеттің 10%-ы, – передает Қайырбек Өскенбаев

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің басшысы премьер-министрге осы айдың соңына дейін жол жобаларының сапасы мен бақылауын жақсарту бойынша ұсыныстарды бөлек ұсынуға уәде берді.

Back to top button