BasNewsЖаңалықтар

Пелосидің Тайваньға ұшып барғаның миллиондаған адам бақылады

2 тамызда АҚШ Өкілдер палатасының спикері Нэнси Пелоси Азия елдеріне сапары аясында Тайваньға келді. Оның сапары Қытайдың бірнеше рет ескертулеріне қарамастан жүзеге асты, деп хабарлайды Basnews.kz

АҚШ Өкілдер палатасының спикері Нэнси Пелоси ұшағы Тайваньға ұшқан ұшағын әлемнің түкпір-түкпірінен 2,92 миллионға жуық адам тамашалады, деп хабарлайды Gazeta.ru.

Flightradar24 мәліметтері бойынша, SPAR19 шақыру белгісі бар Boeing C-40C 2 тамызда Куала-Лумпурдан ұшты және содан бері Flightradar24-те белсенді рейстердің ішінде ең бақыланатын рейс болды.

Тайбэй әуежайына қонған кезде Пелоси ұшағын бүкіл әлем бойынша 708 000-нан астам адам бақылап отырды, бұл Flightradar24 тарихындағы ең бақыланатын тікелей рейс болды.

2 тамызда АҚШ Өкілдер палатасының спикері Нэнси Пелоси Азия елдеріне сапары аясында Тайваньға келді. Оның сапары Қытай билігі АҚШ-қа спикердің аралға келуі салдарсыз қалмайтынын және Бейжің жауап ретінде қатаң шаралар қабылдайтынын бірнеше рет ескерткеніне қарамастан өтті.

Back to top button